Онлайн-семинар өткізілді

Онлайн-семинар өткізілді

Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімімен "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ БЭК-офисінің қызметкерлерімен бірлесіп "ZOOM" мобильдік қосымшасы арқылы заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, азаматтық хал актілерін тіркеу, оның ішінде ресми құжаттарға апостиль қою саласындағы мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша онлайн-семинар өткізілді.
Семинар барысында Мемлекеттік корпорация КЕАҚ қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне келіп түскен шағымдардың саны, олардың негіздері, заңды тұлғаларды тіркеу саласында тіркелген бас тартулар мен мерзімін үзу саны, олардың себептері туралы мәселелер талқыланды, оларға жол бермеу бойынша ұсыныстар талқыланды. Оның ішінде бизнес-процестердің бұзылуына жол бермеу мақсатында күнделікті мониторинг жүргізу қажеттілігі туралы айтылды. Сондай-ақ, ресми құжаттарға электрондық форматта апостиль қою, онлайн өтінімдерді ұлғайту мақсатында халыққа консультациялар өткізу туралы мәселелер жарияланды. "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне енгізу үшін сканерлеуге жіберілген акт жазбаларының сапасы, оларды атрибуттау жөніндегі жұмыс мәселелері көрсетілген.
Іс-шараның нәтижелері бойынша қатысушыларға қажетті консультациялық заң көмегі көрсетілді, сондай-ақ қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.