«Дөңгелек үстел» өткізілді

«Дөңгелек үстел» өткізілді

Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Р.Ч.Кокобаевамен "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ ШҚО бойынша филиалының Өскемен қаласы бойынша бөлімінің бэк-офис қызметкерлерімен бірлесіп азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.
«Дөңгелек үстел» барысында Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Кишинев және Минск конвенциялары шеңберінде құқықтық көмек көрсету және ұсыну мәселелері талқыланды. Халықаралық хат алмасуға қатысты аумақтық аудандық/қалалық АХАТ органдардан келіп түскен өтініштерді жедел қарау. 2019 жылғы 25 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының азаматтық хал актілерінің барлық түрлерін тіркеудің, қайталама куәліктер мен анықтамалар берудің экстерриториалдық қағидаты бөлігінде ережелерін іске асыру. "АХАТ ТП" ақпараттық жүйесінде азаматтық хал актілерінің цифрланған жазбаларының болмауы жөніндегі проблемалар, оларды сканерлеу, атрибуттау және сәйкестендіру бойынша жедел әрекет ету әдістері қаралды.