Ағымдағы жылдың 29 қарашасында ШҚО Әділет департаменті С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттеріне «Жемқорлық - індет, онымен күрес - міндет!» тақырыбында «семинар» өткізді.
«Семинардың» мақсаты өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлық деген не және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақтан Республикасының Заңын бұзғаны үшін көзделген жауапкершіліктер туралы хабардарлығын арттыру болып табылады.
«Семинар» барысында студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаттары және олардың жүзеге асырылуы түсіндірілді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдем көрсеткен адамның Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қылмыстық процеске қатысатын адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттің қорғауында екендігі туралы және осы Заңмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен көтермелеу қарастырылғандығы туралы ақпараттар назарға жеткізді.
Түсіндіру барысында студенттерден «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға енгізілген жаңалықтарға қатысты сұрақтар келіп түсті, оларға Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жауаптар берілді.
Қорытындылай келе, қатысушылар пікір алмасты және Департамент қызметкерлері қажет болған жағдайда осы бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізуге дайын екендіктерін білдірді.
Департамент алдағы уақытта осы бағытта іс-шараларды белсенді өткізуді жоспарлап отыр.