Ағымдағы жылдың 28 қарашасында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің жоғары колледжінің студенттерімен «Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінің, Нотариаттық палатасының, Адвокаттар алқасының, Заң консультанттары палатасының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері тұрмыстық зорлық – зомбылық тақырыбында бейнеролик көрсетті, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселелері түсіндірілді.
Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен кешенді әлеуметтік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету тәртібі түсіндірді.
Кездесу соңында барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар беріліп, түсіндірме сипаттағы буклеттер таратылды.