ШҚО Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің қызметкерлері "Apple Inc." компаниясы өкілінің өтініші бойынша "контрафактілік тауарларды заңсыз пайдалану мен сатудың жолын кесу мақсатында жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде 42 бірлік контрафактілік тауар тәркіленді және жеке кәсіпкерге сот шешімімен ӘҚБтК-нің 158 бабына сәйкес әкімшілік айыппұл салынды.
2023 жылы 22 қарашада "Ішкі істер, Мемлекеттік кірістер, Экономикалық тергеу және Әділет органдарының зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы өзара іс-қимыл тәртібі туралы" Бірлескен бұйрығына сәйкес ШҚО полиция департаментінің аумағында тәркіленген контрафактілік тауарлар өртеу жолымен жойылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын орындау мақсатында ШҚО Әділет департаменті зияткерлік меншік құқықтарын, атап айтқанда тауар белгілерін қорғауға ерекше назар аударатынын хабарлаймыз.