Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде халықпен кері байланыс орнату мақсатында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің басшысының орынбасары Е.Қорабаев Алтай ауданының Серебрянск қаласы, Жаңа Бұқтырма кенті, Октябрьский кенті, Феклистовка ауылының тұрғындарымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында азаматтар жер учаскесін заңдастыру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, алимент өндіріп алу, мұраны ресімдеу, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу тәртібі бойынша құқықтық кеңес алды, мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар азаматтардың санаты түсіндірілді.
Қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.