Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде (әрі қарай - Департамент) ШҚО бойынша заң кеңесшілер Палатасының төрайымы А.Х.Аринованың, ШҚО адвокаттар Алқасының төрайымы Б.А.Ахметжанованың, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге тартылған адвокаттар, заң кеңесшілердің қатысуымен онлайн форматта мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету бойынша жұмыс кездесуі өткізілді.
Іс-шара барысында Департаменттің қызметкерімен мемлекет кепілдік берген заң көмегіне адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстардың Қағидаларын қолдану бойынша Әдістемелік ұсынымдарды түсіндірді. 2023 жылға арналған бюджет қаражатын игеру және мемлекет кепілдік берген заң көмегі жүйесіне заң консультанттарын тарту бойынша жұмыс мәселелері талқыланды.