Ұлан ауданының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізілді

Ұлан ауданының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізілді

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде халықпен кері байланыс орнату мақсатында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің басшысы А.Туктыбаева Шығыс Қазақстан заң қоғамдастығының өкілдерімен бірлесіп Ұлан ауданы Украинка, Саратовка, Таврия ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында халыққа әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ заңнамадағы жаңалықтар түсіндірілді, мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу тәртібі түсіндірілді.
Кездесу аяқталғаннан кейін азаматтармен жеке қабылдау өткізілді.
Жеке қабылдау барысында азаматтардан алимент өндіріп алу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, некені тіркеу және бұзу, тұрғын үй алу мәселелері келіп түсті.
Қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді, егжей-тегжейлі қарауды талап ететін жекелеген сұрақтар жеке бақылауға алынды.