Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің қызметкерлері Р.Коқобаева мен С.Жүнісова Өскемен қаласының «Микс» радиосында «Әділет органдарының қызметі туралы» тақырыбында тікелей эфирде сөз сөйледі.
Тікелей эфир барысында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтар және ресми құжаттарға апостиль қою саласындағы қызметтің құқықтық негізі түсіндірілді.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсетудің шарттары, тәртібі мен тәсілдері, ұсынылатын құжаттар тізімі, мерзімдері, оның ішінде тіркеуден бас тарту негіздері жария етілді.
Бөлімнің негізгі міндеттері түсіндіріліп, қойылған барлық сұрақтарға жауаптар берілді.