Ағымдағы жылдың 19 маусымында "AMANAT" партиясының Өскемен қалалық филиалында Өскемен қаласының ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімімен көшпелі кездесулер өткізу кестесін орындау мақсатында тұрғындармен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында алимент ресімдеу, сот актілерін орындау, жылжымайтын мүлікке тыйым салу және алып тастау, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға тыйым салудың бар-жоғын тексеру мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.
Келіп түскен сұрақтарға толық жауаптар берілді.