Әділет органдарының қызметі туралы

Әділет органдарының қызметі туралы

Қазақстан Республикасының әділет органдары өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін атқарушы билік органы болып табылады.

Әділет органдары қызметінің құқықтық негізі 1991 жылдың 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылдандып негізі қаланды. Осы сәттен бастап тәуелсіз мемлекеттегі Әділет органдарының қызметі жүргізіле бастады!

Әділет органдарының қызметі көптеген әкімшілік тежеулерді азайтуға, халыққа көрсетілетін мемлкеттік қызмет түрлерінің, оның ішінде әртүрлі салалар бойынша қызметінің электрондық сапасын жақсартуға бағытталады.

Сонымен қатар, басым бағыттарына, яғни атқаратын қызметінің негізгі түрлеріне: жалпы мемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу, заң жобасы жұмысын жүргізу, заңдарды талдау, жетілдіру, жүйелеу, нормативтік құқықтық актілер жобаларына заң сараптамасын жүргізу арқылы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін қалыптастыруға қатысу, заңды тұлғалардың тіркелуін жүзеге асыру, құқықтық көмекті және заң қызметін көрсетуді және құқықтық насихатты қамтамасыз ету, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, Қазақстан Республикасының заңдармен жүктелген басқа да қызмет түрлері жатады.  

Әділет органдарының негізгі даму мақсаты халықтың құқықтық иституттар мен құқықтық көмекке деген қажеттігін қамтамасыз ету және заңгерлердің жаңа толқынын қалыптастыру болып табылады. Құқықтық жүйенің жетілдірілуі халыққа көрсетілетін нотариалдық және басқа құқықтық қызметтердің заман талабына сай жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Бүгінде әділет органдарының алдында қызметінің барлық негізгі бағыттары бойынша жұмыстарды белсенді жүргізу, жеке және заңды тұлғалар үшін әділет органдарының жұмысы туралы ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігіне ерекше назар аудару міндеттері атап өту қажет.