Оқыту семинары

Оқыту семинары

Ағымдағы жылдың 1 маусымында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті және ШҚО бойынша «ЗҚАИ» ШЖҚ РМК филиалымен бірлесіп  нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, оларды келісу және әділет органдарында тіркеу жөніндегі жұмысты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен оқыту семинары өткізілді.

Семинар барысында нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу сапасы мен заңдылықты сақтау, мемлекеттік тіркеуге ұсыну мерзімінің сақталуы және нормативтік құқықтық актілерді Эталондық бақылау банкіне уақытылы жіберіп, жариялау туралы ақпараттар берілді.

Іс-шараға қатысушыларға нормативтік құқықтық актілерді сапалы әзірлеуді арттыру мақсатында семинарды ұйымдастырушылар жергілікті әзірлеуші мемлекеттік органдардың жұмысына әдістемелік және практикалық көмек көрсетті.