«Онлайн семинар» өткізілді

«Онлайн семинар» өткізілді

Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті ағымдағы жылдың 31 мамырында «ШҚО Күршім ауданы Абай ауылдық округінің әкімі аппараты» ММ-нің қызметкерлерімен «авторлық құқықтарды, тауар белгілерін, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын тіркеу заңдылықтары, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз ету құқықтарын қорғау мәселелері туралы» тақырыптары бойынша «онлайн семинар» өткізді.

«Онлайн семинардың» мақсаты облыс аумағындағы халықтың зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау саласындағы хабардарлығын арттыру болып табылады.

«Онлайн семинар» барысында зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Е.Қ.Қайдаров қызметкерлерге авторлық құқықтарды, тауар белгілерін, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге өтінім беру тәсілдері, сондай-ақ ақ бағдарламалық қамтамасыз ету құқықтарын қорғау заңдылықтары түсіндірілді.

Қорытындылай келе, қатысушылар пікір алмасты және Департамент қызметкері қажет болған жағдайда зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруға дайын екендігін білдірді.

Департамент алдағы уақытта осы бағытта іс-шараларды белсенді өткізуді жоспарлап отыр.