Құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ағымдағы жылдың 30 мамырында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің бас маманы А.Нуртазина «Интеграциялық орталық базасында әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу механизмі» пилоттық жобасын іске асыру бойынша іс-шараға қатысты.

Іс-шара барысында қызметкер халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдар арасында, сондай-ақ ювеналды полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы мен үкіметтік емес ұйымдардың арасында мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

         Аталған іс-шараның мақсаты құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы өзара іс-қимыл мәслелерін түсіндіру болып табылады.

         Іс-шара барысында мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету түсіндіретін брошюралар таратылды.