Кеңес өткізілді

Кеңес өткізілді

Ағымдағы жылдың 17 наурызында ШҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары А.Амирхановтың төрағалығымен ШҚО ЖСО ӨП басшысы С.Әбдірахмановтың қатысуымен Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы тәртібінде заңда көзделген жауапкершілікке алимент төлеуден жалтарған борышкерлерді тартуға қатысты мәселелер бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен кеңес өткізілді.

Іс-шараға Өскемен қаласы прокуратурасының, жасөспірімдер үйінің, ШҚО полиция департаментінің (анықтау органдары, көші-қон полициясы), Өскемен қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдері, ШҚО Жеке сот орындаушылары қатысты.

Кеңеске қатысушылар алимент төлеуден жалтарған борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту, борышкерлерді іздестіруге және мәжбүрлеп әкелуге, алимент бойынша берешегі бар, оның ішінде жұмысқа орналасқысы келетін, бірақ соттылығы бар немесе қылмыстық жауапкершілігі жоқ борышкерлерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге қатысты мәселелер бойынша пікір алмасты және проблемалық мәселелерді айтты.

ШҚО ЖСО ӨП басшылығына Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 13.10.2016 ж./12.10.2016 ж. қол қойған №981/867 бірлескен бұйрықтың талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттілігі туралы жеке тұлғаларды сот актілері мен атқарушылық құжаттарды орындамағаны үшін заңды тұлғалардың басшыларын қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселелері бойынша материалдарды қарау кезіндегі өзара іс-қимыл туралы барлық сот орындаушыларының назарына жеткізу ұсынылды.