Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік субъектілерімен «онлайн кездесу»

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік субъектілерімен «онлайн кездесу»

Ағымдағы жылдың 15 наурызында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті «Fonmiх fm» ЖШС-мен бірлесіп Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік субъектілерімен авторлық құқықты қорғау мәселелері бойынша «онлайн кездесу» өткізді.

Іс-шараның мақсаты авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды қорғау бойынша халықтың хабардарлығын арттыру болып табылады.

Кездесу барысында зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Е.Қ.Қайдаров кәсіпкерлерге «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының аудиовизуалды туындыларды пайдалану құқығын алу, авторлардың жеке мүліктік емес құқықтары, сондай-ақ автордың келісімінсіз туындыны пайдалану және мүліктік құқықтарды беру бөлігіндегі нормалары мен талаптары түсіндірілді.

Түсіндіру барысында қатысушылардан авторлық құқықтың мерзіміне қатысты сұрақтар келіп түсті, оларға «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жауаптар берілді.

Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, авторлық құқықты қорғау саласындағы бірлескен түсіндіру іс-шараларын тұрақты негізде жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.