Семинар өткізілді

Семинар өткізілді

Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті Қазақстан-Американдық еркін университетінің колледжінің студенттерімен ««Жемқорлық - індет, онымен күресу - міндет»» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру, құқықтарды қорғау және тыңдаушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша білімді жеткізу мақсатында өткізілді.

Семинар барысында әкімшілік-құқықтық бөлімнің бас маманы А.Б.Бакибаева студенттерге сыбайлас жемқорлықпен күресу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудағы нысандары мен әдістері және сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайдағы құқықтарын атап өтті.