Атқарушылық іс жүргізуді қозғау

Атқарушылық іс жүргізуді қозғау

Атқарушылық іс жүргізу - борышкерден атқарушылық санкциясын атқарушылық іс жүргізу бойынша өсімпұлдарды, шығыстарды, жеке сот орындаушысының қызмет ақысын өндіріп ала отырып, атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шаралар. Атқарушылық іс жүргізу Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңымен реттеледі. Атқарушылық iс жүргiзу өндiрiп алушының (жеке немесе заңды тұлғаның) немесе оның мүддесiн бiлдiретiн тұлғаның өтiнiшi бойынша атқарушылық құжаттардың негiзiнде қозғалады. Атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы арызды қарау кезінде бірқатар рәсімдер жүзеге асырылады. Біріншіден, атқарушылық құжаттарды орындауға ұсыну мерзімдерін сақтау. Атқару құжаттары «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес орындауға ұсынылуы мүмкін. Екіншіден, атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы арызды өндіріп алушы атқарушылық құжатпен бірге береді. Атқарушылық шараларды қолдану үшін сот орындаушысы өз өндірісіне қабылдаған атқару құжаты негіз болып табылады. Атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы арыз беру тәртібі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен реттеледі. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының шеңберінде талапкердің мемлекеттік қызметті алу үшін өтінішті жіберудің бірнеше жолы бар, олар: көрсетілетін қызметті беруші арқылы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы, «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz. қолдана алады.