«Ашық есік күні» акциясы

«Ашық есік күні» акциясы

Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен заң қоғамдастықтарының өкілдерімен бірлесіп "АДК Ривер" ойын-сауық кешенінде "Ашық есік күні" акциясы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарға оларды қызықтыратын мәселелер бойынша тегін білікті заң көмегін көрсету, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын түсіндіру болып табылады.

Іс-шара барысында азаматтар алимент ресімдеуге, мұрагерлік құқығы туралы куәлік беруге, кетуге тыйым салуды алып тастауға және т. б. байланысты сұрақтар қойды.

Іс-шара сонында қатысушыларға қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.