Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді алып тастау

Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді алып тастау

2022 жылғы 14 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен кейбір заңнамалық актілеріне, оның ішінде «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) бірқатар өзгерістер енгізілді. Енгізілген өзгерістердің бірі «Атын, әкесінің атын, тегін өзгертуді мемлекеттік тіркеу» қызметін алып тастау болды.  Сонымен бірге, «атын, әкесінің атын, тегін өзгерту» ұғымының өзі және өзгерту негіздері өзгеріссіз қалды.  Бұл Кодекстің 257-бабында көрсетілген 13 дәлелді себеп.  Ең жиі кездесетін себептер: некеге дейінгі фамилияға ие болуды қалау, егер бұл ажырасу кезінде көрсеілмеген болса, өмірде нақты қалыптасқан, құжаттардағы есімнен басқа есімге ие болуды қалау, ұлттық дәстүр бойынша әкесінің немесе атасының атын алуға өтініш білдіру, өтініш берушіні іс жүзінде тәрбиелеген адамның тегін және (немесе) әкесінің атын және атын беруге тілек білдіру және басқалар.

Атын, әкесінің атын, тегін өзгертуді он алты жасқа толған адамның жеке өтініші бойынша тіркеуші орган жүргізеді және өтінішке қосымша құжаттар ұсынудың қажеті жоқ.  Өтініш негізінде тіркеуші органмен туу, неке қию және неке бұзу туралы тиісті акт жазбасына атын, әкесінің атын, тегін өзгеру туралы қорытынды жасалады және тиісті өзгертер енгізіледі.  Әкесінің атын, тегін өзгертуді растау үшін туу, неке қию немесе неке бұзу туралы тиісті куәлік беріледі, ол үшін айлық есептік көрсеткіштің 0,5 % мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.  Егер неке бұзылған немесе екінші жұбайының қайтыс болуына байланысты тоқтатылған жағдайда, ол үшін мемлекеттік баж салығы АЕК-тің 0,3% құрайтын неке қию туралы куәлік береді.