Семинар өткізілді

Семинар өткізілді

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында, Whats App видео-байланысы арқылы Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімімен, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ қатысуымен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және құжаттарды сапалы қабылдау бойынша семинар өткізілді.

Аталған семинар барысында заңды тұлғаларды тіркеуге, қайта тіркеуге және басқа да мемлекеттік қызмет түрлеріне құжаттарды қабылдау кезінде туындайтын сұрақтар, Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес, құжаттар тізбесі және қарастыру мерзімдері бойынша сұрақтар қаралды және түсіндірілді.

Іс-шара нәтижелері бойынша қатысушыларға қажәтті консультативтік заң көмегі көрсетілді, сондай-ақ қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.