«Борышкер» акциясы

«Борышкер» акциясы

Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен  мемлекеттік бюджет кірісіне әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу туралы және әлеуметтік маңызы бар санатына жататын сот актілерін тиімді орындау мақсатында, Өскемен қаласы прокуратурасының, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен және сот орындаушыларымен «Борышкер», «Алиментті төле!» атты бірлескен алдын алу шарасы өткізілді.

Осы бірлескен іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру, бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар санаттындағы істер бойынша берешекті және мемлекет кірісіне берешектерді нақты өндіріп алу, сондай-ақ нөлдік төзбеушілік қағидатын іске асыру және атқарушылық өндірістер бойынша    берешегі бар тұлғалардың   берешегін толық өтегенге дейiн борышкерлер мүлiкке тыйым салу арқылы, заңмен белгiленген жауапкершiлiкке тарту және автокөлiк құралдарын арнайы автотұраққа орналастыру шараларын қоса алғанда, тиiстi мәжбүрлеу шараларын бұқаралық ақпарат құралдарында жария ете отырып кешенді түрде жүргізіп, борышкерлердің құқықтық санасын күшейтуге бағытталған.

Қабылданған шаралармен борышкерлердің 39 автокөліктері көліктерінің арнайы тұрағына қойылып, 9 млн теңгеден астам мемлекет кірісіне қарыз өндірілді.