Семинар өткізілді

Семинар өткізілді

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментіне тағылымдамаға келген жергілікті атқарушы және өкілді органдардың мемлекеттік қызметшілері, заңгерлеріне арналған  нормативтік құқықтық актілерге мониторинг өткізу, мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау үшін электронды түрде рәсімдеу мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Семинар барысында әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы Г.Сарбасова, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және құқықтық мониторинг жасау кещінде туындайтын сұрақтарға жауап берілді, қабылданған нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшылықтарды, қайталануларды, олқылықтарды, тиімсіз іске асырылатын, ескірген және сыбайлас жемқорлық сипаты бар құқық нормаларын анықтау және жою бойынша кеңестер берілді, сондай-ақ өз жұмысында ұқсас бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында республика бойынша жергілікті атқарушы және өкілді органдарының нормативтік құқықтық актілеріне прокурорлық қадағалау актілері талқыланды .

«ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының қызметкерлерімен Әділет органдарында тіркеуден өткен және тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілерді Эталондық бақылау банкіне жіберу тәртібі жөнінде ақпарат берілді.

Іс-шараның соңында конструктивті түрде барлық талқыланған және проблемалық  мәселелер бойынша пікірлермен алмасты.