Студенттермен «онлайн семинар» өткізілді

Студенттермен «онлайн семинар» өткізілді

Ағымдағы жылдың 30 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментімен Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжінің студенттерімен зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында «онлайн семинар» өткізілді.

«Онлайн семинардың» мақсаты халықтың зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, қорғау және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау саласындағы хабардарлығын арттыру болып табылады.

«Онлайн семинар» барысында зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Е.Қ.Қайдаров студенттерге авторлық құқықтың пайда болуы, авторлық құқықты қорғау және мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидалары түсіндірілді.

Семинар барысында студенттерден авторлардың құқықтарына қатысты сұрақтар қойылып, оларға «Авторлық құқық және сабақтас туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жауаптар берілді.

Қорытындылай келе, семинарға қатысушылар пікір алмасты және қажет болған жағдайда Департамент қызметкері зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруға дайын екендігін білдірді.

Департамент алдағы уақытта осы бағытта іс-шараларды белсенді өткізуді жоспарлап отыр.