
Адвокат-жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіби негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы.
Адвокат болу үшін бірінші кезекте Шығыс Қазақстан облысының адвокаттар алқасында бір жылдық тағылымдамадан өту қажет.
Тағылымдамадан өтуге ниет білдірген адам құжаттарды қоса бере отырып, тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтінішпен адвокаттар алқасының төралқасына жүгінуге тиіс:
- жеке куәліктің көшірмесі;
- қосымшасы бар дипломның көшірмесі;
- еңбек кітапшасының көшірмесі;
- жеке парақ;
- фото 3х4-2 дана.;
- ОНД және ПНД анықтамалары;
- соттылығының бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;
- мекенжай анықтамасы;
- кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
- төлем (айына 10 АЕК).
Оң нәтиже болған жағдайда үміткерлер Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өтеді.
Аттестаттаудан өту үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) белгіленген нысандағы аттестаттауға жіберу туралы өтініш;
2) белгіленген нысандағы адвокаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өту үшін мәліметтер нысаны.
Аттестаттауды сәтті тапсырғаннан кейін адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер лицензиарға, яғни лицензия алу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жүгінуі қажет.
Аттестаттаудан өтуден босатылады:
- Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар;
- "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар;
- теріс себептермен шығарылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан шығарылған адамдар аттестаттаудан өтуден босатылады.