
Өздерінің құрылу мақсаттарына, өз қызметінің түрі мен сипатына, қатысушылар (мүшелер) құрамына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын барлық заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуге жатады.
Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкілдіктері есептік тіркеуге жатады, олар заңды тұлға құқығын иемденбейді.
Коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді әділет органдары жүзеге асырады.
Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді жүзеге асырады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталықтары (тіркеуші органдар) арқылы жүзеге асырылады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға қазақ және орыс тілдерінде жасалған және екі данада ұсынылатын, белгілі бір ұйымдық-құқықтық нысан үшін заңнама талаптарына сәйкес құрылтай құжаттары қоса беріле отырып, белгіленген нысан бойынша өтініш беріледі.
Акционерлік қоғамдар мен Мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтай құжаттарын қоспағанда, коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары мемлекеттік тіркеу кезінде ұсынылмайды. акционерлік қоғамдарды мемлекеттік тіркеу үшін қазақ және орыс тілдерінде жасалған, нотариат куәландырған жарғыны қоса бере отырып, белгіленген нысан бойынша өтініш беріледі.
ҚР Азаматтық кодексінің 34-бабына сәйкес заңды тұлға өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс алуды көздейтін ұйым (коммерциялық ұйым) не осындай мақсат ретінде табыс алуды көздемейтін және алынған таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтін ұйым (коммерциялық емес ұйым) болуы мүмкін.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға, мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысанында ғана құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға: мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік түрінде және заңнамалық актілермен қарастырылған басқа нысанда құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйым өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетін ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады.
Заңды тұлғаның неғұрлым кең тараған ұйымдық-құқықтық нысаны- жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) және акционерлік қоғам (АҚ) болып табылады.
Салық заңнамасына сәйкес, коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін мемлекеттік алым мөлшерлемесі 6,5 АЕК.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК мөлшері 3 063 (үш мың алпыс үш) теңгені құрайды.