АХАТ органдарында қайтыс болуды автоматты түрде тіркеу

АХАТ органдарында қайтыс болуды автоматты түрде тіркеу

2022 жылдың  22 қазанында   «АХАТ Тіркеу пункті» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі -  АХАТ ТП АЖ)  Денсаулық  сақтау  министрлігінің  «Тіркелген халықтың  тіркелімі»  акпараттық жүйесінен  (бұдан әрі - ДСМ)  қайтыс болу туралы  медициналық куәлік  түскен кезде  қайтыс болуды  автоматты тіркеу бөлігінде  модификация  жүргізілді. ДСМ АЖ – нен  медицианалық қайтыс болу  туралы куәлігін  алған кезде, АХАЖ ТП АЖ-де автоматты түрде  қайтыс болу туралы акт жазбасы қалыптасады.

Қазақстан  Республикасының  Денсаулық сақтау  Министрлігінің  акпараттық  жүйесінен  қайтыс болуды тіркеу  үшін  қажетті ақпарат  толық алынған  болса автоматты  түрде   қайтыс болу  туралы акт  жазбасы  тіркеледі.

ДСМ АЖ-нен медициналық қайтыс болу туралы куәліктер АХАТ АЖ- не   өзектендіру   режимінде қабылданады. АХАТ АЖ  - де тапсырманы жоспарлаушы әрбір  10 минут  сайын медициналық куәлікті іздеу процессін бастайды  да,  бар  болған жағдайда қайтыс болуды автоматты түрде тіркейді.

Бұл  10 минут уақыт аралығында   АХАТ қызметкері акт  жазбасын  дербес  тіркеу әрекеті туралы алынған  дәлелдемелерді қарай алады. Жүйе  акт  жазбасын  тіркеген  болса,  онда  жай  ғана   акт  жазбасы  басып  шығарылады. Егер  жоқ  болған  жағдайда,  АХАТ қызметкері  акт  жазбасын  өздігінен   тіркеу  жұмысын  жүргізеді.