"Әділет кеңес береді" акциясы

"Әділет кеңес береді" акциясы

Қазақстан Республикасы Әділет органдарының 30 жылдығын мерекелеу аясында ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде Әділет департаменті басшысының орынбасары Ермек Қорабаевтың төрағалығымен Шығыс Қазақстан облысының сот сараптамалары институты, заң қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен Дос-Нар базарында "Әділет кеңес береді" акциясы өткізілді.

Іс-шара барысында жүгінген азаматтарға Департамент қызметкерлері, Шығыс Қазақстан облысының сот сараптамалары институтының өкілі, адвокат, заң кеңесшісі, жеке нотариус, сот орындаушысы мемлекет кепілдік берген заң көмегі, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, мұраны ресімдеу, сот актілерін орындау мәселелері бойынша құқықтық кеңестер берді.