«Сей-Нар» ЖШС қызметкерлерімен онлайн кездесу өткізілді

«Сей-Нар» ЖШС қызметкерлерімен онлайн кездесу өткізілді

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік саласындағы құқықтық түсіндіру жұмысының 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті "Сей-Нар" ЖШС-нің қызметкерлерімен «тауар таңбасы» және «өнеркәсіптік үлгі» тақырыптары бойынша онлайн кездесу ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласында хабардарлықты арттыру, білімді қалыптастыру және іске асыру бойынша практикалық қадамдарды жүзеге асыру, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау саласындағы заңнаманы халыққа түсіндіру бойынша жұмысты күшейту болып табылады.

Кездесу барысында зияткерлік меншік құқықтары бөлімі басшысының м.а. Е.Қ.Қайдаров қызметкерлерге тауар таңбасының тіркеудің маңыздылығы, өнеркәсіптіктік үлгілерге патент алу жолдары және патенттің қолданылу мерзімдері түсіндірілді.

Қорытындылай келе, қатысушылар пікір алмасып, қойылған сұрақтарға "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, географиялық көрсеткіштер және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және "Қазақстан Республикасының Патенттік заңы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес жауаптар берілді.