«Атамекен» ҰКП-да Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік субъектілерімен кездесу өткізілді

«Атамекен» ҰКП-да Шығыс Қазақстан облысы  кәсіпкерлік субъектілерімен кездесу өткізілді

Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасында «Fonmiх fm» ЖШС-мен бірлесіп Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік субъектілерімен авторлық құқықты қорғау мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды қорғау бойынша халықтың хабардарлығын арттыру болып табылады.

Кездесу барысында зияткерлік меншік құқықтары бөлімі басшысының м.а. Е.Қ.Қайдаров кәсіпкерлерге «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының аудиовизуалды туындыларды пайдалану құқығын алу, авторлардың жеке мүліктік емес құқықтары, сондай-ақ автордың келісімінсіз туындыны пайдалану және мүліктік құқықтарды беру бөлігіндегі нормалары мен талаптары түсіндірілді.

Түсіндіру барысында қатысушылардан авторлық құқықтың мерзіміне қатысты сұрақтар келіп түсті, оларға «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жауаптар берілді.

Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, авторлық құқықты қорғау саласындағы бірлескен түсіндіру іс-шараларын тұрақты негізде жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.