"Е-Заң көмегі" АЖ бойынша онлайн оқыту семинары өткізілді

"Е-Заң көмегі" АЖ  бойынша онлайн оқыту семинары өткізілді

Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде Әділет департаменті республикалық «ҰАТ» АҚ өкілдерімен бірлесе отырып, адвокаттар алқасы, заң кеңесшілер палатасының  өкілдері мен мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге тартылған Шығыс Қазақстан облысының адвокаттардың қатысуымен "Е-Заң көмегі" ақпараттық жүйесі  бойынша онлайн оқыту семинары өткізілді.

 «ҰАТ» АҚ өкілі "Е-Заң көмегі" ақпараттық жүйесінде жұмыс жасауды, сондай-ақ  құқықтық консультация беру, әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істерге қатысты құжаттарды тіркеу тәртібі бойынша кезең-кезеңімен көрсетілім өткізді.

 Семинар барысында "Е-Заң көмегі" ақпараттық жүйесінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жұмысында туындайтын проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.