Аттестаттау өткізілді

Аттестаттау өткізілді

Ағымдағы жылдың 19 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғалардың аттестаттау комиссиясының отырысын өткізді.

Ұсынылған өтініштерге сәйкес, отырысқа 4 үміткер шақырылды.

Аттестаттау комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша 4 үміткер аттестаттаудан өтпеді.