Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша семинар өткізілді

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша семинар өткізілді

Ағымдағы жылдың 27 шілде айында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департамент басшысының орынбасары А.Амирхановпен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға тағылымдамадан өтушілердің қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №69 бұйрығымен бекітілген Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер қағидаларын және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 26 қарашадағы №561 бұйрығымен бекітілген Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.

Семинар қорытындысы бойынша семинарға қатысушылардың туындаған сұрақтарына толық жауаптар берілді.