Қоғамдық қабылдау

Қоғамдық қабылдау

Ағымдағы жылдың 26 шілдесінде Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің басшысы А.Туктыбаева "Аманат" партиясының Өскемен қалалық филиалында азаматтарды жеке қабылдады.

Іс-шараның мақсаты халыққа құқықтық көмек көрсетуді ұйымдастыру, заң қызметтерін көрсету.

Жеке қабылдау барысында қала тұрғындарынан берешекті, алименттерді өндіріп алу мәселелері бойынша өтініштер түсті.

Қабылдау барысында өтініш білдіргендерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер беріліп, жекелеген мәселелер бақылауға алынды.