Брифинг өткізілді

Брифинг өткізілді

2022 жылғы 23 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің қызметін ақпараттық жариялау жөніндегі Медиа-Жоспарды орындау мақсатында Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімімен ШҚО бойынша "Атамекен" кәсіпкерлер палатасында облыстық кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары Б.Жумакишевтың және кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау мәселелері бойынша брифинг өткізілді.      

Әділет департаментінің қызметкерлері бизнес өкілдеріне тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін және тауар шығарылған жерлердің атауын, авторлық құқықты тіркеу тәртібін, заңсыз авторлық құқық, бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауды пайдаланғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті түсіндірді.

Іс-шараның мақсаты зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласында хабардарлықты арттыру бойынша білімді қалыптастыру және іске асыру бойынша практикалық қадамдарды жүзеге асыру, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша заңнаманы халыққа түсіндіру бойынша жұмысты күшейту, зияткерлік меншік саласындағы кәсіпкерлік субъектілерімен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.