Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді

Проблемалық алименттер санын азайту бойынша тиімді кешенді шаралар қабылдау мақсатында, 2022 жылғы 17 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментімен  ШҚО жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен және «Өскемен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту отралығы»  КММ-мен бірлесіп, офлайн режимінде, алимент төлемдері бойынша борышкерлерді жұмысқа орналастыру үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді.

Іс-шара аясында 48 жеке сот орындаушылары, 145 борышкерлер және де 60-тан астам кәсіпорындары қатысып, борышкерлерге жұмысқа орналасу үшін бос жұмыс орындары туралы ақпарат берілді.

Борышкерлер жалақы туралы, жұмыс кестесі және біліктілік талаптары туралы толық ақпарат алды.