Кездесу өткізілді

Кездесу өткізілді

Ағымдағы жылдың 20 мамырында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары Ермек Қорабаевпен "Аманат" партиясының Зайсан аудандық филиалында халықпен көшпелі кездесулер өткізу кестесін орындау мақсатында кездесу өткізілді.

Іс-шараға Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, Адвокаттар алқасының, Нотариаттық палатаның және Заң консультанттары палатасының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында алименттерді ресімдеу, сот актілерін орындау, заңгерлік көмек көрсету және басқа да мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.