Кездесу өткізілді

Кездесу өткізілді

Ағымдағы жылдың 18 мамырында, Өскемен қаласы бойынша «AMANAT» партиясының филиалында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы А.К.Мукановамен "Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" ММ, сондай-ақ "Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы" РММ, "ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы" ММ қатысуымен, меншік иелері бірлестігін тіркеу (ММИБ) бойынша кездесу өткізілді.

Іс-шараға Үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелері кооперативтерінің басшылары, мүлік меншік иелері бірлестіктерінің төрағалары, ПИК қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ пәтер, көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің бастамашыл тобының өкілдері қатысты.

Аталған кездесу барысында мүліктің меншік иелері бірлестіктерін тіркеу кезінде туындайтын проблемалық мәселелер қаралды. Мүліктің меншік иелері бірлестіктерін тіркеу тәртібі және үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелері кооперативінің қызметін тоқтату тәртібі түсіндірілді. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.

Іс-шара нәтижелері бойынша қатысушыларға қажәтті консультативтік заң көмегі көрсетілді, сондай-ақ қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Анықтамалық: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 284-VІ Қазақтан Республикасының Заңның 2 бабының 5 тармағына сәйкес-  Заң қолданысқа енгізілгенге дейін тіркелген және қызметін жүзеге асыратын үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтері, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативтері, тұтыну кооперативтері көппәтерлі тұрғын үйді басқару жөніндегі қызметті 2022 жылғы 1 шілдеге дейін жүзеге асыра алады және: көппәтерлі тұрғын үйді, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін салуға, күтіп-ұстауға және пайдалануға байланысты барлық қолда бар құжатты қабылдау-тапсыру актісі бойынша көппәтерлі тұрғын үй кеңесіне беруге;  қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен таратуды жүргізуге міндетті.