Жұмыс кездесуі өткізілді

Жұмыс кездесуі өткізілді

Ағымдағы жылдың 19 мамырында Әділет департаментімен Полиция департаментінің, Өскемен №2 қалалық сотының, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасының,  Адвокаттар алқасының өкілдерімен жұмыс кездесуі өткізілді.

Кездесу барысында "Е-Заң көмегі" ақпараттық жүйесі арқылы адвокаттар көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегін жүзеге асыру аясындағы проблемалық мәселелер қаралды.

Бұл ретте "Е-Заң көмегі" ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен заң көмегіне ақы төлеу қаулылар мен арыздар бойынша адвокаттар тарапынан жіберілген заң бұзушылықтар айтылды.

Кездесу аясында қатысушылармен мемлекеттік кепілдік берген адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу бойынша туындайтын проблемалық мәселелерді және олардың шешу жолдары талқыланды.