ОВ 156/1 түзеу мекемесінің жазасын өтеп жатқандарымен кездесу

ОВ 156/1 түзеу мекемесінің жазасын өтеп жатқандарымен кездесу

Ағымдағы жылдың 18 мамырында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті ШҚО ҚАЖД ОВ 156/1 түзеу мекемесінің сотталғандарымен көшпелі кездесу ұйымдастырды.

Насихат тобының құрамына әділет департаментінің, Жеке сот орындаушылар палатасының, Заң консультанттары палатасының және Нотариаттық палатаның өкілдері кірді.

Бұл кездесудің мақсаты түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға заң көмегін көрсету болып табылады.

Іс-шара барысында мекеме сотталғандарына құқық белгілейтін құжаттарды алуға, мүлікті тәркілеуге, жұмысқа орналастыруға, мұраға құқық туралы куәлік беруге байланысты және т.б. сұрақтар қойылды.

Кездесу соңында қатысушылардың барлық сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.

 

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі