Халыққа арналған ақпарат

Халыққа арналған ақпарат

Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпараттық қызметі халыққа құқықтық ақпарат беру бойынша тәулік бойы (үзіліссіз және демалыссыз) тегін анықтамалық, консультациялық қызметтер көрсетуді, құқықтық мәселелер және мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша консультация беруді, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының ережелерін түсіндіруді жүзеге асыратынын, сондай-ақ мемлекеттік органдар туралы Байланыс мәліметтерін, ҚР Әділет Министрлігінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының деректерін ұсынатынын хабарлайды.

 

Консультативтік қызмет көрсету жүзеге асырылады:

- стационарлық телефон нөмірлері бойынша: Қазақстан бойынша 119, Нұр-сұлтан, Алматы қалаларының тұрғындары үшін 58-00-58, ұялы телефондардан 8 (7172) 58 00 58 (желі операторының тарифі бойынша);

- WhatsApp мессенджері арқылы (+77086935631);

- "Әділет" Нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесіндегі "виртуалды кеңесші"виджеті өтініштер Модулінің чат-боты арқылы;

-ҚР Әділет министрлігінің сайтындағы "Сұрақ-жауап" айдары.