Сот актілерін орындау

Сот актілерін орындау

Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі атқарушылық іс жүргізу саласындағы жұмысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету болып табылады.

Әкімшілік соттың қаулысымен ЖШС рұқсат құжаттарынсыз бөлшек саудада сатқаны және сақтағаны үшін алкоголь өнімін тәркілей отырып, әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында заңды күшіне енген сот актісін орындау шеңберінде Өскемен қаласының ауданаралық аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушылары 1281 литр көлемінде алкоголь өнімін жойды.

Заңды күшіне енген сот актілерін орындау Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің ерекше бақылауында.

Әділет департаменті халықтың (атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлердің) назарын қолданыстағы заңнамамен заңды күшіне енген сот актілері мен атқарушылық құжаттарды орындамағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгеніне аударады.