Нотариаттық қызмет саласындағы өзгерістер мен толықтырулар

Нотариаттық қызмет саласындағы өзгерістер мен толықтырулар

Ағымдағы жылдың 11 қаңтарында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатын, бағалау қызметін реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді. Осы заң аясында бірқатар өзгерістер мен толықтырулар қарастырылған.

Осылайша, Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңына өзгерістер енгізілді.

Заңының 92-2 бабы 3-тармақпен толықтырылды: жұмыскерге есепке жазылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы,  партисипативтік рәсім тәртібімен жасалған, дауларды реттеу туралы келісімдерді орындау туралы шарттарды орындау жағдайларын қоспағанда, атқарушылық жазба, егер шартта өзге мекенжай көрсетілмесе, борышкердің (жеке тұлғаның) тіркелген жері не тұрғылықты жері бойынша, заңды тұлға борышкер болып табылған жағдайда, онда оның тіркелген жері не оның тұрақты жұмыс істейтін органының тұрған жері бойынша жасалады.

Бұған дейін, өндіріп алушы өндіріп алушы мен борышкердің орналасқан жеріне және жазба бойынша атқару орнына қарамастан, кез келген нотариусқа жүгіне алатын.

Қазақстан Республикасының 2021 жылдың 27 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктердің және жауапкершілік аймақтарының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен  Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңына өзрістер енгізілді.

Заңының 10 бабының 2) тармақшасы келесідей жазылған:

«2) прокурор қылмыстық іс бойынша нотариусқа қатысты айыптау актісін жасаған»

Сондай-ақ, келесі мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылды:

«2-1) прокурор айыптау хаттамасын, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекіткен және қылмыстық істі қылмыстық заңның тиісті бабы (баптары) бойынша сотқа жіберу туралы шешім қабылданған, сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 617-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен процестік келісім жасаумен аяқталған».