Заңды тұлғаларды тіркеу сұрақтары және АХАТ қызметі бойынша семинар өткізілді

Заңды тұлғаларды тіркеу сұрақтары және АХАТ қызметі бойынша семинар өткізілді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлерінің қатысуымен заңды тұлғаларды тіркеу сұрақтары және АХАТ қызметі бойынша семинар өткізілді  

Ағымдағы жылдың 30 қарашасында Әділет Департаментімен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен заңды тұлғаларды тіркеу сұрақтары бойынша және мемлекеттік қызмет түрін электронды форматта алу мүмкіндіктері туралы сонымен қатар, АХАТ қызметі бойынша «Е-апостиль» жүйесінде ресми  құжаттарға апостиль  қою, сондай-ақ осы мемлекеттік  көрсетілетін қызметті уақытылы  және сапалы көрсету мәселесі бойынша кездесу өткізілді.

Іс-шара барысында  заңды тұлғаларды тіркеу, қайта тіркеу, қызметін тоқтатуын тіркеу, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу тәртібі түсіндірілді, сондай-ақ, мемлекеттік органның мамандарымен халыққа қызмет көрсету оталықтарының қызметкерлерінің  барлық сұрақтарына жауаптар беріліп,  құқықтық кеңестер берілді.