Азаматтарды қабылдау жүргізілді

Азаматтарды қабылдау жүргізілді

26 қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің 09.02.2021 жылғы №50 қаулысымен бекітілген 2021 жылға «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Ұлттық жаңғыру кезеңіне көшуі жөніндегі Жол картасының 59-тармағын орындау мақсатында Семей қаласының ауданаралық Әділет басқармасының, сот актілерін орындау жөніндегі ауданаралық аумақтық бөлімінің қызметкерлері қалалық мәслихат депутатымен бірлесіп, "Nur-Оtan" партиясы қалалық филиалы басшысының қатысуымен азаматтарды қабылдады.

Аталған іс-шараның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың құқықтық салада туындайтын мәселелерін тиімді шешу.

Қабылдау барысында декреттік демалысқа шығу, зейнет ақыға құжаттарды рәсімдеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мәселелер бойынша 3 азамат жүгінді.

Іс-шара қорытындысы бойынша келіп түскен барлық сұрақтарға жауаптар беріліп, туындаған сұрақтар бойынша толық түсініктемелер мен ұсынымдар берілді.