Азаматтарды қабылдау өткізілді

Азаматтарды қабылдау өткізілді

25 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментімен "Нұр Отан" партиясының қалалық филиалында азаматтарды қабылдау өткізілді.

Іс-шараға басшысының орынбасары Ермек Қорабаев қатысты.

Өскемен қаласының тұрғындарына адвокатура, атқарушылық іс жүргізу мәселелері, сондай-ақ әділет органдары қызметінің барлық бағыттары бойынша кеңес алу мүмкіндігі берілді.

Өтініш білдіргендерге заң кеңесі беріліп, қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.