Прием граждан

Прием граждан

2021 жылдың 2 желтоқсанда, сағат 11-00 ден 13-00-ге дейін Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Бейсембек Әл-Сейітпен, зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Айдар Тоқтамұратовпен азаматтарға жайлы жағдай жасау, ішкі сыбайлас жемқорлықты жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті көтеру, әкімшілік барьерлерін жою мақсатында, Әділет департаментінің «Шығыс Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесіне тегін құқықтық кеңес алу бойынша  және зияткерлік меншік құқығы бағыты бойынша «Нұр Отан» партиясының Өскемен қаласының филиалында, мекен-жайы: Өскемен қаласы, Чехов көшесі, 68 (бұрыңғы Киров көшесі)  азаматтарды қабылдау өткізіледі.

Сондай-ақ, Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын қадағалайтынын хабарлаймыз және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындауына қатысты сұрақтарыңыз болса, Әдеп жөніндегі уәкілден кеңес алуға болады.

Сұрақтар бойынша, жұмыс тел. 8(7232)704061;  ұ.т.:87771371884 арқылы, алдын-ала жазылуыңызға мүмкіндік бар екенін хабарлаймыз.

Короновирустық инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтауды сұраймыз.