Оқыту семинарлары өткізілді

Оқыту семинарлары өткізілді

Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен Нотариаттық палатаның қолдауымен 24 және 25 қарашада аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері аппараттарының нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды тұлғалары үшін оқыту семинарларын ұйымдастырылды және өткізілді.

Семинар барысында жеке нотариустар Ерболат Рахимжанов пен Алина Мухаметкаирова Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сенімхатты куәландыру, өсиетті куәландыру, құжаттар көшірмелерінің дұрыстығын және олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландыру және өтініштерге қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыру тәртібін түсіндірді.