"Е-Заң көмегі" ақпараттық жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру бойынша проблемалық мәселелерді талқылау жөнінде семинар

"Е-Заң көмегі" ақпараттық жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру бойынша проблемалық мәселелерді талқылау жөнінде семинар

23 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті басшысы Нұрғали Андасовтың төрағалығымен "Е-Заң көмегі" ақпараттық жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру бойынша проблемалық мәселелерді талқылау бойынша семинар өткізілді

Кездесуге басшының орынбасары Бейсембек Әл-Сейіт, Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Адиль Бакин, полиция департаментінің тергеу басқармасы бастығының орынбасары Арман Үмутов, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті басқармасының аға прокуроры Елена Губушкина, адвокаттар алқасының бухгалтері Елена Сегень, адвокат, адвокаттар алқасының мүшесі Ерлан Маркабаев, сондай-ақ заң консультанттары палатасының өкілдері қатысты.

Бейсембек Әл-Сейіт баяндама жасап, адвокаттардың қызметін автоматтандыру және адвокаттарды сотқа дейінгі тергеу органдарының тағайындауының ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген заң көмегіне бөлінетін бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы мен тиімділігі туралы айтты.

Іс-шара барысында адвокаттарды "Е-Заң көмегі" ақпараттық жүйесінде тіркеу, адвокаттардың мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу туралы өтініштерін қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Соңында Нұрғали Андасов семинарға қатысқаны үшін барлығына алғысын білдірді.