22 қарашада Семей қаласының ауданаралық Әділет басқармасы бас маманы Асия Каленова «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша №2 және 3 бөлімдерінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕ АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының тіркеу және жер кадастры бойынша Семей қаласы бөлімінің мамандарымен бірлесіп онлайн форматта семинар өткізді.
Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты – консультациялық көмек көрсету, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жетілдіру.
Өз сөзінде Асия Каленова коммерциялық емес заңды тұлғаны, филиалды есептік тіркеу, қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу тәртібін, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), филиалдарды есептік тіркеу (қайта тіркеу) және құжаттарды беру мерзімдерін түсіндіріп, электрондық түрде тіркеу туралы атап айтты (басшы өзгерген (басшы тағайындалған, басшының міндетін атқарушы тағайындалған, заңды тұлғаның мүлкін және қызметін басқарушы тағайындалған, басшы лауазымынан шеттетілген), коммерциялық емес ұйымдар құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) құрамы өзгерген кезде электрондық хабарлама негізінде автоматты режимде енгізілгені туралы). Сондай-ақ, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу кезінде туындайтын сұрақтар бойынша ақпарат берді.
Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылармен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының негізгі бағыттары талқыланды.
Семинар соңында қатысушылар тіркеуші орган мен халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімдерінің мамандарының тұрақты ынтымақтастығы мен тығыз өзара іс-қимылы туралы шешім қабылдады.
ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі